Рухани мекенде «Neke tour» неке қию рәсімі туристік іс-шарасы

«Neke tour» байқауына қатысып, Түркістанда Неке қию рәсімін ұтып алыңыз!

3-9 сәуір аралығында жұбайларға арналған «Neke tour» байқауына қатысыңыз! Біз ғашықтарға рухани астана – Түркістанда неке қиюдың барлық жөн-жоралғысын өткізу мүмкіндігін сыйлаймыз!

Байқау номинациялары

«Шаңырақ»

«Махаббат»

«Ару»

«Жанұя»

Байқау жеңімпаздарының жүлде қоры

20 СЫЙЛЫҚТЫҢ БІРІН ҰТЫП АЛЫҢЫЗ

Шаңырақ

• Бару-қайту билеттері (ұшақ немесе көлік)
• 2 күн қонақ үйде тұру
• ⁠Фотосет
• Неке қию рәсімі
• ⁠Кешкі асқа жолдама

Махаббат

• 2 күн қонақ үйде тұру
• Фотосет
• ⁠Неке қию рәсімі

Ару

• Фотосет
• Неке қию рәсімі
• Кешкі асқа жолдама

Жанұя

• Неке қию рәсімі
• Фотосет
• Сыйлық



«Neke Tour» БАЙҚАУЫНА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

• Байқауға ресми некедегі және өтінім берерде неке қию туралы куәлігі бар 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады
• Байқауға қатысуға өтінім-анкетаны толтырыңыз
• Анкетадағы сұрақтарға жауап беріңіз
• Анкетада жұбыңызбен қалай танысқаныңыз туралы және неке қию рәсімін неліктен дәл Түркістанда өткізгіңіз келетіні жайында жазыңыз.
• Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 9 сәуірі күні аяқталады. Байқау ұйымдастырушылары ақпаратты қосымша растау үшін қатысушыларға хабарласады.
• Жеңімпаздарды байқау комиссиясы анықтайды. Қорытынды 2024 жылдың 10 сәуірінде шығарылады, нәтижесі ұйымдастырушының Instagram парақшасында жарияланады.
• Сыйлықтарды табыстау және жеңімпаздарға арналған «Neke» туры Түркістанда 2024 жылдың 15-16 сәуір аралығында өтеді.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

1. Байқауға өтінім берерде неке қию туралы куәлігі бар 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.
2. Қатысушылар өтінімді бірнеше рет бере алмайды.
3. Байқау қатысушылары:
• Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
• Осы ереженің тармақтарын түсіндіру үшін Ұйымдастырушының көмегіне жүгінуге;
• Байқауға қатысу үшін толтырылған брифті жіберуге құқылы.
4. Байқау қатысушылары:
• Байқаудың мәнімен алдын ала танысу, байқауға қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге;
• Ұйымдастырушының сұрауы бойынша ақпаратты уақтылы беруге;
• Осы Ережеде қарастырылған қағидалар мен рәсімдерді сақтауға;
• Өзінің қатысуын және Түркістан қаласына келу ниетін растауға міндетті.
5.Байқау қатысушылары:
• Брифте, сондай-ақ ресми құжаттарда көрсетілген сенімді ақпаратқа қойылатын талаптарды бұзу;
• Осы Ережеде белгіленген шарттар, қағидалар мен процедураларды сақтамау үшін жауапты.

Байқауға қатысуға өтінішті толтыру үшін төмендегі батырманы басыңыз

«Open Turkistan» туристік-ақпараттық орталығы» ЖШС
Мекенжайы: Жаңа Қала, 32 к, 18 үй

+7 702 958 11 62
Гүлдана Бекбаева